Сұйытылған мұнай газдың көтерме бағасы қайта бекітіледі — Энергетика министрлігі

0
164

Бұйрық жобасына сәйкес шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.


Сұйытылған мұнай газдың көтерме бағасы қайта бекітіледі — Энергетика министрлігі

Фото: Kazinform

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газына шекті көтерме бағаны белгілеу туралы бұйрықтың қолданылуын тоннасына 45 158 теңге деңгейінде ұзарту туралы НҚА жобасын жариялағанын хабарлады, деп жазады inform.kz.

Бұйрық жобасына сәйкес шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

2024 жылғы 26 маусымда Энергетика министрінің бұйрығымен сұйытылған мұнай газын өндіретін зауыттар үшін шекті көтерме бағалар 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіле отырып, тоннасына 45 158 теңге деңгейінде бекітілді. Бұйрық 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін жарамды.

Осыған байланысты Энергетика министрлігі 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап шекті көтерме бағаларды бұрыңғы деңгейде бұйрықпен қайта бекітуді жоспарлап отыр.

Құжатта көрсетілгендей, жоба «газ және газбен жабдықтау туралы» Заңның 6-бабының 7-тармағына, сондай-ақ Энергетика министрінің бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының тауар биржаларынан тыс ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің, сұйытылған мұнай газын көтерме және бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілеу қағидаларының 17-тармағына сәйкес әзірленген.

Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейтіні, жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға алып келмейтіні, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейтіні жазылған.