Зардап шеккендердің ішінде 3 бала бар.
ERNUR.KZ. Талдықорған қаласында жеке меншік үйде газ жарылды. Соның салдарынан екінші қабат опырылып түсті, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, төтенше жағдай 31 желтоқсанда таңғы уақытта болған. Мешітке жақын орналасқан екі қабатты үйде газ жарылды. Жарылыстың қатты болғаны сонша, үйдің шатыры мен қабырғалары опырылып түсті. Ал өрт 120 шаршы метрге шарпыды.
Өрт сөндірушілер келгенше үйде болған 7 адам өздігімен шығып үлгерді. Олардың ішінде 3 бала бар. Барлығы зардап шекті, денелері күйіп қалған.
Құтқарушылар өртті жартты сағаттың ішінде өшірді. Алдын ала мәліметке сәйкес, үйге келетін табиғи газ таралып кетті. Содан жарылыс болған.