Талдықорғанда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

0
177

Калашников автоматы мен Макаров тапаншасы тәркіленді.


Талдықорғанда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

Фото: Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Талдықорған қаласында орналасқан саяжайлардың бірінде 5 қаңтар күні Қаратал өзенінің астындағы көпірдің маңында қару-жарақ жасырылған орын табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қару-жарақ криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстары барысында табылды.

ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетовтің мәліметінше, ол жерден 14 патроны бар Калашников автоматы мен 8 патроны бар Макаров тапаншасы тәркіленді. Олар қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ екені белгілі болды.

2022 жылдың басынан бастап қабылданған шаралармен 7 877 түрлі қару, 816 граната және 110 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді.

2024 жылдың соңында заңсыз айналымнан екі мыңнан астам түрлі қару тәркіленді, оның ішінде 1 764 дана атыс қаруы, 274 дана травматикалық қару, 87 граната және 19 мыңнан астам әртүрлі калибрлі оқ-дәрі бар.

Сонымен қатар 21 заңсыз қару жасырылған орын табылды. Осы жылдың басынан бастап бұл жұмыс белсенді түрде жалғасып, нәтижесінде 24 дана атыс қару тәркіленді.