Республикалық туристік көпсайыс жарысына Павлодардан келген балалар митинг басталғалы Талдықорғанда отыр.
ERNUR.KZ. Алматы облысы Туризм басқармасының басшысы Жанар Алшымбаеваның айтуынша, Павлодардан келген 22 адамның үшеуі — жетекші, 19-ы — мектеп оқушылары, деп жазады Экспресс К.
"Қысқы демалыс кезінде дәстүрлі түрде болатын жарысқа қатысушы командалар 3-4 қаңтар күндері Талдықорғанға келді. Олардың қазіргі жағдайы жақсы. Біздің қызметкерлер олардың жағдайын күн сайын біліп, тамақпен қамтамасыз етіп отыр", дейді Жанар Алшымбаева.
Сондай-ақ ол 22 адамға пойыз билеті алынғанын және бүгін сағат 14:30-да Үштөбе арқылы үйге қайтатынын айтты.
"ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен де хабарласып отырмыз. Барлығы бақылауда", деді Туризм басқармасының басшысы.


