Талғарда кішкентай қызды ұрлап, кісі өлтірген адам 25 жылға сотталды

0
99

Қалған екі сотталушының әрқайсысына 9 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


Талғарда кішкентай қызды ұрлап, кісі өлтірген адам 25 жылға сотталды

Фото: gov.kz

ERNUR.KZ. Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Талғар ауданында болған атышулы іске қатысты сот үкімі шықты, деп жазады inbusiness.kz.

Сот үкімі бойынша басты айыпталушы 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалған екі сотталушының әрқайсысына 9 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Адвокат Жандос Палманов жәбірленуші тараптың азаматтық талап-арызы ішінара қанағаттандырылғанын және олардың апелляциялық сотқа жүгінетінін атап өтті.

– Жәбірленуші тарап басты айыпталушыға шығарылған үкімді тым жеңіл деп санайды. Біз апелляциялық тәртіппен шағым түсіреміз, – деді адвокат.

Еске салайық, Талғарда 2025 жылғы 6 қыркүйекте жантүршігерлік қылмыс болды: бейтаныс адам ер кісіні атып, кішкентай қызды алып қашып кеткен еді. Тергеу мәліметінше, күдікті мен кішкентай қыздың анасы бұрын жақын қарым-қатынаста болған. Араларында жанжал шығып, ер адам әйелдің ағасын мылтықпен атып тастаған. Ол алған жарақатынан сол жерде көз жұмған.