Танымал тамада мен әйелінің интимдік видеосы таралып кетті: күдікті ұсталды

0
219

Видео WhatsApp мессенджері арқылы таралып кеткен.


Танымал тамада мен әйелінің интимдік видеосы таралып кетті: күдікті ұсталды

фото: polisia.kz

ERNUR.KZ. Ақтауда ерлі-зайыпты блогерлердің интимдік видеосының таралуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады sputnik.kz.
Видео WhatsApp мессенджері арқылы таралып кеткен. Осыдан кейін полицияға жергілікті блогерлер шағым түсірді. Олардың айтуынша, жеке бейнематериалдардың таралуына бұрын олармен жұмыс істеген мобилографтардың бірінің қатысы болуы мүмкін.
"Өтініш түскен сәттен бастап полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, жәбірленушілермен тұрақты байланыста болды. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол – Ақтау қаласының кәмелетке толмаған тұрғыны", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде барлық мән-жай анықталып жатыр. Қылмыстық кодекстің 147-бабы (жеке өмірге қолсұғылмаушылықты бұзу және жеке өмір туралы мәліметтерді тұлғаның келісімінсіз заңсыз тарату) бойынша іс қозғалды.
Айта кетері, Қазақстанда қылмыстық жауапкершілік 16 жастан бастап қарастырылған. Бірақ ауыр қылмыс болмаса, сот ескерту немесе тәрбиелік шара қолдануы мүмкін. Ал 147-бапта 3 000 АЕК-ке (12 975 000 теңгеге) дейiнгi айыппұл салу не сол мөлшерде түзету жұмыстарына немесе 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тарту, я болмас, екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.