Таразда адвокаттың көлігіне оқ атылды: полиция не дейді

0
90

​Полиция көліктің терезесін тесіп өткен рогатканың оғы екенін анықтады.


Таразда адвокаттың көлігіне оқ атылды: полиция не дейді

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Тараз қаласында адвокаттың көлігіне оқ атылғаны туралы ақпарат тарады. Оқиғаға қатысты Жамбыл облыстық полиция департаменті түсініктеме берді, деп жазады sputnik.kz.

Лола Врублевскаяның айтуынша, ол көлігіне жақындап келе жатқанда оқ дауысына ұқсас дыбыс естіген. Айналасында ешкім болмаған. Кейін көлігінің терезесінде тесік пайда болғанын көріп, бірден полиция шақырған.
Полиция атылған қарудың емес, рогатканың оғы дейді.

"Бөтеннің мүлкін бүлдіру фактісі бойынша полиция қызметкерлері екі құқық бұзушыны анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Олар рогаткамен оқ атып ойнаған, абайсызда оқ көліктің терезесіне тиген", - дейді Жамбыл облысының полиция департаменті.

Полиция жалған ақпаратқа сенбеу қажеттігін ескертті.