Қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмай
ERNUR.KZ. Тараз қаласы полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында қала аумағындағы қараусыз қалған ғимараттардың бірінен жасырылған атыс қарулары тапты, деп жазады Zakon.kz.
"Арнайы жүргізіліп жатқан іс-шаралар барысында Калашников маркалы бір автомат, Streamer маркалы бір травматикалық тапанша, бір дана оқжатар мен бір тал жарық-шулы граната тәркіленді. Анықталған қару-жарақтарға қатысты сот-баллистикалық сараптама тағайындалды", - дейді Тараз қаласы полиция басқармасының бастығы Асылхан Заурбеков
Тараз қалалық Полиция басқармасы қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салды.