Таразда үш баласы бар әйелге ҚР ҚК 106-бабы, 3-бөлігі “Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру” бойынша күйеуін пышақтап өлтіргені үшін сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
ERNUR.KZ. Таразда азаматтық некедегі күйеуіне қорғану үшін пышақ сұққан әйел босатылды, деп жазады stan.kz.
Таразда үш баласы бар әйелге ҚР ҚК 106-бабы, 3-бөлігі “Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру” бойынша күйеуін пышақтап өлтіргені үшін сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Алайда ол шешіммен келіспей, қорғануға мәжбүр болғанын түсіндірді. Өйткені ерлі-зайыптылар жанжал барысында бір-біріне пышақ алып жүгірген.
“Немолчи” қоры бұл туралы әлеуметтік желілерде мәлімдеп, “Елена Выродоваға бостандық” петициясын бастады.
Кейін аппеляциялық шағымнан соң, іс ҚР ҚК 112-бабы “Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде денсаулыққа ауыр зиян келтiру” бойынша ауыстырылды. 47 жастағы әйелді қамаудан дереу босату міндеттелді.
Естеріңізге салсақ, осыған дейін өзін қорғауға әрекеттеніп, күйеуін пышақтап өлтіріп алған әйелге сот үкімі шыққаны хабарланды.