Тасқын бүлдірген үйлердің орнына 80 және 160 шаршы метрлік үйлер салынады - министрлік

0
594

Сондай-ақ, ведомствоның ресми өкілі аталған жоспар аясында тұрғын үйлердің екі эскиздік жобасы әзірленгенін атап өтті.


Тасқын бүлдірген үйлердің орнына 80 және 160 шаршы метрлік үйлер салынады - министрлік

ERNUR.KZ. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми өкілі Меруерт Ибраева тасқынның салдарынан бүлінген үйлердің орнына қандай баспана салынатынын айтты, деп жазады inform.kz.

«Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев табиғи апаттан зардап шеккен азаматтардың тұрғын үйін қалпына келтіру туралы тапсырма алды. Осы тапсырма аясында министрлікте жедел штаб құрылып, жаңа тұрғын үй салуды көздейтін кешенді іс-қимыл жоспары әзірленді», - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сондай-ақ, ведомствоның ресми өкілі аталған жоспар аясында тұрғын үйлердің екі эскиздік жобасы әзірленгенін атап өтті.

«Біреуі – 80 шаршы метрлік 3 бөлмелі жеке тұрғын үй, екіншісі – жалпы ауданы шаршы 160 метр болатын екі пәтерлі тұрғын үй. Әзірленген тұрғын үйлердің жобалары мемлекеттік сараптамадан өтеді. Бұл барлық өңірлерде типтік-жобалық құжаттама негізінде жұмыс жүргізуді қамтамасыз етеді. Бұл жұмыс келесі аптаның аяқталып, үлгілік жобалар мемлекеттік сараптама қорытындысымен қоса epsd.kz сайтында көпшілікке ұсынылады», - деді Меруерт Ибраева.