Тауда жоғалған төрт жасөспірім аман-есен табылды

0
109


Тауда жоғалған төрт жасөспірім аман-есен табылды

фото: baq.kz.

ERNUR.KZ. Алматыда құтқарушылар тауда адасып кеткен жасөспірімдерді ата-аналарына тапсырды, деп жазады baq.kz.

Түнгі уақытта Алматы қаласы Бостандық ауданындағы Проходное (Алмарасан) шатқалында ҚР ТЖМ «Барыс» құтқару қызметінің құтқарушылары байланысқа шықпай қалған жасөспірімдерді іздестіру-құтқару жұмыстарына дереу кірісті.

Жасөспірімдердің жоғалғаны туралы хабарлама түскеннен кейін іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды. Іздеу аумағын анықтауға олардың бірінің бұған дейін жіберген бейнежазбасы негіз болды. Байланыстың болмауына және геолокацияны анықтау мүмкін еместігіне қарамастан, құтқарушылар таулы аумақты жедел түрде тексерді.

Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде төрт жасөспірім Терра алаңы маңында, тау лашығынан жоғары орналасқан жерде табылды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Құтқарушылар жасөспірімдерді қауіпсіз түрде тау соқпағымен төменге түсіріп, ата-аналарына тапсырды.