«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар өтті

0
96

2025 жылдың басынан бастап «Таза Қазақстан» акциясына 44 мыңнан астам адам қатысты.


«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар өтті

ERNUR.KZ. Бүгін Ұлытау облысында ұлттық экологиялық бастама – «Таза Қазақстан» акциясы аясында жаппай сенбіліктер ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға шақыру, экологиялық мәдениетті арттыру және туған өлкеге қамқорлық жасауды дәстүрге айналдыру, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Акция облыстың барлық қалалары мен аудандарында өтті:

Жезқазған қаласында «Таза қала» акциясы жастар, еріктілер мен қала тұрғындарының қатысуымен Алашахан даңғылы бойында ұйымдастырылып, орталық көшелері тазаланды.

Сәтбаев қаласында «Аялы Жер - Таза Жер» атты іс-шара Спорттық-сауықтыру кешенінде өтіп, тұрғындармен қатар қоғамдық ұйым өкілдері экологиялық мәдениетті насихаттады.

Қаражал қаласы мен Жәйрем кентінде ақсақалдар кеңесі, мәслихат депутаттары мен жастардың белсенді қатысуымен саябақтар мен демалыс орындары тазартылды.

Жаңаарқа ауданында «Таза аудан» акциясы аясында орталық алаң мен қоғамдық орындарда сенбілік өтті.

Ұлытау ауданында, Ембұлақ өңірінде жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған тазалық шарасына ауыл тұрғындары мен белсенді жастар қатысты.

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 2025 жылдың басынан бері 7 облыстық және 8 қалалық сенбілік өткізілді. Бұған қоса, апта сайын қала мен аудандарда «Таза бейсенбі» шарасы өткізіліп келеді.

2025 жылдың басынан бастап «Таза Қазақстан» акциясына 44 мыңнан астам адам қатысты. Сондай-ақ 870 арнайы техника бірлігі жұмылдырылып, 3520 тонна қоқыс шығарылды.