«Таза Қазақстан»: ОКҚ қызметкерлері Астанада ағаш отырғызды

0
94

ОКҚ қызметкерлері қаланың бір ауданында шамамен 60 жас ағаш отырғызды.


«Таза Қазақстан»: ОКҚ қызметкерлері Астанада ағаш отырғызды

ERNUR.KZ. Бүгін елордада қалалық күннің әдеттегі ырғағы уақытша өзгерді: асығыстың орнына – күрек пен көшеттер, қала шуының орнына – болашақ жасыл көшелер мен даңғылдар туралы әңгімелесу. «Таза Қазақстан» аясында өтіп жатқан тазалық және көгалдандыру экологиялық акциясына Орталық коммуникациялар қызметінің мамандары да атсалысып, LRT желісі бойына ағаш отырғызды.

ОКҚ қызметкерлері қаланың бір ауданында шамамен 60 жас ағаш отырғызды. Жақын арада мұнда маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі іске қосылады. Қазірдің өзінде жаңа аллея болашақ қалалық кеңістіктің бір бөлігіне айналып, экологиялық даму мен инфрақұрылымды жаңартуды үйлесімді байланыстырып отыр.

Ата-аналарымен бірге келген балалар ерекше көңіл-күй сыйлады. Олар үшін бұл жай ғана акцияға қатысу емес, есте қалатын тәжірибе: өз қолымен ағаш отырғызу, уақыт өте қайта оралып, оны басқалардың арасынан тану.

Мұның бәрі табиғатқа, өз елімізге деген ортақ жауапкершілігіміздің бір бөлігі.