Телефонға алаңдап, әйелді қағып кеткен: Астанада автобус жүргізушісіне үкім шықты

0
127

Жаяу жүргіншілер өткелінде 57 жастағы әйелді қағып кеткен.


Телефонға алаңдап, әйелді қағып кеткен: Астанада автобус жүргізушісіне үкім шықты

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Астанада телефонға алаңдап, адам өліміне әкелген жол апатын жасаған автобус жүргізушісі сотталды, деп жазады zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 16 қазанда елорда прокуратурасы хабарлады.

"Автобус жүргізушісі ұялы телефонмен сөйлесіп келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 57 жастағы әйелді қағып кеткен. Жәбірленуші алған ауыр жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды. Сот үкімімен жүргізуші 2 жыл 1 айға бас бостандығынан және 5 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды", – делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енді.

Елорда прокуратурасы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы қағидаларын сақтауға шақырды. Сондай-ақ көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдалануға қатаң тыйым салынатынын еске салды.