Теміртау тұрғындарына 300 млн теңге қайтарылды

0
676

Теміртау қаласында монополистер халықтан ақша жинаса да, коммуналдық желіде болған ақаулықтар үшін қайта есептеуді жүргізбеген.


Теміртау тұрғындарына 300 млн теңге қайтарылды

ERNUR.KZ. Прокурорлар 120 мың адамның ақшасын қайтарып беруді талап етті, деп жазады sputnik.kz.

Мамандар 2022-2023 жылдары аралығында халықты жылумен жабдықтау саласына талдау жасап шықты. Былтырдан бері "Оқжетпес-Т" ЖШС қызметкерлері "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның ЖЭО-2 желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізген.
"Бұл қала тұрғындарының үйлерінде температуралық режимнің жиі бұзылуына соқтырған. Тиісінше, мұндай жағдайларда жылу беру қызметтерінің құнын қайта есептеу керек, бірақ монополист мұны жасамаған", - дейді прокурорлар.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша кәсіпорын жылуды пайдаланғаны үшін 120 мың тұрғынның (118 362 жеке тұлға және 1329 бизнес субъектісі) шығындарын қайта есептеуге міндеттелді. Осылайша, халық коммуналдық қызметтерді тағы 300 млн теңгеге пайдалана алады.