Теміржол маңында мал жайғаны үшін айыппұл екі есе артуы мүмкін

0
183

Мұндай ұсынысты ұлттық тасымалдаушы жасап отыр.


Теміржол маңында мал жайғаны үшін айыппұл екі есе артуы мүмкін

Фото: rail-news.kz

ERNUR.KZ. Жыл басынан бері 378 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. ҚТЖ әкімдіктер және көлік полициясымен бірлесіп мал иелерімен белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Жыл басынан бері 1,3 мыңға жуық түсіндіру кездесулері өткізіліп, оған 34 мыңға жуық адам қатысты, деп жазады inbusiness.kz.

52 мыңнан астам мал иелері мал жаю және темір жол арқылы жануарларды айдап өту ережелерімен танысты.

"2026 жылдың 9 айында пойыздардың мал басу саны 584 жағдайға дейін төмендеді (2025 жылдың ұқсас кезеңінде – 648). Алайда жағдай күрделі болып қалып отыр", – делінген хабарламада.

2025 жылдан бастап осы құқық бұзушылық үшін ескерту жойылды – бірден 5 АЕК айыппұл қолданылады (қайталанса – 10 АЕК). Қазір ҚТЖ айыппұлдарды екі есеге: бірінші бұзғаны үшін 10 АЕК-ке және жыл ішінде қайталағаны үшін 20 АЕК-ке дейін арттыруды жоспарлап отыр.

ҚТЖ мал иелерінен мал жаю ережелерін қатаң сақтауды және малды темір жолдардың жанында қараусыз қалдырмауды сұрап отыр.