Тілді трамвайда үйретеді

0
1 127

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ тілін үйретуге арналған Flash тренинг жобасы жүргізілуде.


Тілді трамвайда үйретеді

ERNUR.KZ. Тіл үйрену үшін арнайы орын іздеп шарқ ұрудын қажеті жоқ. Оның үлгісін керекуліктер көрсетуде. Мысалы, «Ана тілі» орталығы балабақша тәрбиешілеріне мемлекеттік тілді оқыту курсын трамвайда өткізуде, деп жазады Aikyn.kz.
«Ана тілі» орталығының директоры Шолпан Кинжикова трамвайдағы мемлекеттік тіл курсына орыс тобы қатысып жатқанын жеткізді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ тілін үйретуге арналған Flash тренинг жобамызды өткізіп отырмыз. Арасында осы форматта сабақ өткізсек деген идеямыз болған. Оны Nur Otan партиясы, трамвай басқармасы және облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма қолдады. Енді кейбір сабақтарымыз осылай өтіп отыратын болады. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – қала. Курсқа қатысушылар өткен тақырыптарды қайталай отырып, қаланы аралап танысады және сурет арқылы көргендерін жеткізеді. Кейін өз ойларын жазады. Бұл қатысушылар тәрбиешілер болғандықтан, олар үшін балаларға сурет арқылы сабақ беру оңайырақ. Бұл ойлау және сөйлеу қабілеттерін жетілдіретін шығармашылық сабақтар десе де болады» деді Шолпан Кинжикова.

Оның айтуынша, Flash тренинг жобасы аясында 10-15 адамнан тұратын 2 топ қазақ тілін үйренуде. 2 айлық курс барысында аптасына 3-4 сабақ өткізіледі.