"Тірі адамдардан айырылып қалуымыз мүмкін": Төтенше жағдайлар министрі Майқайыңдағы жер астына түсіп кеткен автобусты іздеуге қатысты пікір білдірді

0
506

Министрдің айтуынша, қазір "Майқайың-алтын" зауытының аумағының топырақтың опырылу қаупі бар.


ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Павлодар облысындағы "Майқайың-алтын" АҚ кен аумағында жер астына түсіп кеткен автобусты іздеу жұмыстары жайлы айтып берді, деп жазады Stan.kz.


Министрдің айтуынша, қазір "Майқайың-алтын" зауытының аумағының топырақтың опырылу қаупі бар.

"Іздестіруді жүргізу кезінде опырылып қалу қаупі бар екені байқалды. Біз тірі адамдардан, яғни құтқарушылардан айырылып қалуымыз мүмкін. Сондықтан шамамен наурыз айына дейін тексеріс аяқталады, іздеу және жалпы жұмысты қалпына келтіру туралы қосымша шешім қабылдаймыз", – деді Шыңғыс Әрінов үкімет отырысында.

Министр мәйіттерді іздеуді жалғастыру немесе толық тоқтату туралы түпкілікті шешім сараптама қорытындысынан кейін қабылданатынын қосып өтті.

"Егер аймақтың қирау қаупі төнетін болса, онда, әрине, біз сол жерде шешім қабылдаймыз", – дейді ТЖМ басшысы.