ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы Сочиде өтеді

0
713

Биыл ТМД-ға Қазақстан Республикасы төрағалық етеді.


ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы Сочиде өтеді

ERNUR.KZ. ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы 2023 жылы Ресейдің Сочи қаласында өтеді. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов отырыстан кейін мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

"Келесі жылы төрағалық ететін Қырғыз Республикасының ұсынысымен ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысын 2023 жылы 7 маусымда Сочи қаласында өткізу туралы шешім қабылданды", - деді ол.
Астанада ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Маңызды жиынға Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов, Әзербайжан премьері Али Асадов, Беларусь премьері Роман Головченко, Тәжікстан премьері Кохир Расулзода, Өзбекстан премьері Абдулла Арипов, Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров, Армения вице-премьер-министрі Мгер Григорян және Түрікменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Ходжамырат Гельдимырадов қатысты.
ТМД үкімет басшылары кеңесі экономикалық, әлеуметтік және ортақ мүддені көздейтін басқа да салаларда атқарушы билік органдарының ынтымақтастығын үйлестіреді.
Биыл ТМД-ға Қазақстан Республикасы төрағалық етеді.