Президент инфляция мен теңге бағамы бойынша тапсырмалар берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляция мен теңге бағамы бойынша тапсырма берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Президент ұзақ жылдар бойы жоғары инфляция экономикамыздағы негізгі проблема болып қалып отырғанын айтты.
"Бұл экономикалық және әлеуметтік саясаттың тиімділігін төмендетеді. Бұл мәселеге нүкте қоятын, баға мен инфляция мәселесін тұрақтандыру уақыты келді. Инфляцияны төмендету бойынша жүйелі жұмыс қажет. 2025 жылға қарай шекті дәліз - 3-4 пайыз. Үкімет, ҰБ және ҰКП инфляцияны бақылау бойынша шаралар кешенін әзірлеуі керек", - деп қосты Тоқаев.