Тоқаев құс тұмауының өршуіне байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігін сынға алды

0
624


Тоқаев құс тұмауының өршуіне байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігін сынға алды

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құс тұмауының өршуіне байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігін сынға алды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Азық-түлік қауіпсіздігі мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар мәселесі ерекше назар аударуды талап етеді. Жоғары патогенді құс тұмауының өршуі азық-түлік қауіпсіздігі саласының кемшілігін айқындап берді. Бұл ретте мен уәжімді Ауыл шаруашылығы министрлігіне айтсам деймін», - деді Президент коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңесте сөйлеген сөзінде.

Қасым-Жомарт Тоқаев ветеринарлық шаралармен қатар ауылдағы шаруалардың жағдайын айта отырып, жеке аулалар мен құс фабрикаларының шығынын жабарлық экономикалық тетіктерді ойластыруды тапсырды.