Демалыс алып, шетелге шығу мемлекет басшысының жоспарында жоқ.
Фото: Ақорда
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жылды жылдағыдай отбасымен Қазақстанда қарсы алады, деп жазады stan.kz.
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Тоқаевтың 2025 жылдың алғашқы күндерін үйде, жақындарымен өткізетінін айтты.
“Президент жаңа жылды барша қазақстандықтар секілді жылдағыдай үйде, дастархан басында, жақындарының ортасында өткізеді”, – деп жазды Берік Уәли.
Айтуынша, демалыс алып, шетелге шығу мемлекет басшысының жоспарында жоқ.
“Іс жүзінде Қасым-Жомарт Тоқаевта демалыс деген жоқ. Сол себепті ол жаңа жылдық мереке күндерін жұмысқа және құжаттарға арнайды”, – дейді президенттің баспасөз хатшысы.