Тоқаев Жарлығы: Әкімдердің қызметіне қатысты маңызды өзгерістер жарияланды

0
725

Енді барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізуі тиіс.


Тоқаев Жарлығы: Әкімдердің қызметіне қатысты маңызды өзгерістер жарияланды

ERNUR.KZ. Жақында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің қызметі туралы Жарлыққа қол қойған еді. Жарлық жайлы толық мәліметтер бүгін жарияланды, деп жазады Stan.kz

Енді барлық деңгейдегі әкімдер қазақстандықтарды "Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағытының" негізгі бағыттары туралы хабардар ету үшін жыл бойы халықпен кездесулер өткізуі тиіс. Ақорданың баспасөз қызметінің "Борт N1" Telegram-арнасы осындай мәлімет таратты.

Бұл кездесулерде әлеуметтік мәселелерге баса назар аударылатын болады.

Еске салсақ, бұған дейін мемлекет басшысы барлық деңгейдегі әкімдердің бюджеттік тәуелсіздігінің қажеттілігі туралы айтқан болатын.