Малдың төсі ақуызға бай болатыны сонша, ол ер азаматтардың қуық безін қабынудан сақтайды.
ERNUR.KZ. Таңнан кешке дейін отырып жұмыс істеу, стресс сияқты жайттар ауруға себеп болады. Бұл дерттің алдын алу үшін қазақтар төс жеген, деп жазады sn.kz.
Қазақстанда он ер адамның төртеуі белсіздікке душар болған. Мамандар статистикалық көрсеткіштерге сүйеніп осылай деп мәлімдейді. Медицина тілінде белсіздікті простатит, импотенция деп атайды.
«Малдың төсі ақуызға бай болатыны сонша, ол ер азаматтардың қуық безін қабынудан сақтайды. Біздің ата-бабаларымыз еттің не нәрсеге ем екенін ертеден-ақ білген. Әр қайсысына өзінің сыбағасын дұрыс бере білген», - дейді дәрігер Индира Тәукенова.