Тұман және көктайғақ: синоптиктер 5 қарашаға арнап ескерту жасады

0
2 167

​Қазгидромет 5 қарашада Қазақстан бойынша синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы туралы болжам және дауылды ескерту жасады.


Тұман және көктайғақ: синоптиктер 5 қарашаға арнап ескерту жасады

ERNUR.KZ. Синоптиктердің болжауынша, республиканың барлық аумағында жел күшейіп, тұман болады, деп жазады Zakon.kz.

"Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек шығыста, орталықта атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы болады. Жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Еліміздің оңтүстік-батысында көктайғақ болып, жаңбыр жауады. Елде тұман болады. Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жел күшейеді"."Қазгидромет" РМК


5 қарашадағы дауылды ескерту:

  • Қызылорда облысының орталығында тұман болады. Күндіз облыстың шығысында жел соғады: 15-20 м/с.
  • Ақтөбе мен Ақмола облыстарының солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады.
  • Солтүстікте, Қарағанды облысының орталығында және Қарағандыда тұман болады.
  • Түркістан облысының таулы асуларында 15-20 м/с күшейеді.
  • Павлодар облысының оңтүстігінде түнде тұман, көктайғақ болады.
  • Батыс Қазақстан облысының батысын, солтүстік, шығысын және Орал қаласын түнде және таңертең тұман басады.
  • Солтүстікте, Ұлытау облысының орталығында және Жезқазған қаласында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Астанада түнде және таңертең тұман болады.