Тұмар патшайым туралы қазақстандық фильм Грекияда прокатқа шығуы мүмкін

0
131

Грекиядағы көрермендерге "Дос-Мұқасан" ансамбліне арналған кинотуынды мен "Менің атым Қожа" фильмі көрсетілді.


Тұмар патшайым туралы қазақстандық фильм Грекияда прокатқа шығуы мүмкін

фото: Sputnik / Тимур Батыршин

ERNUR.KZ. 26–28 мамыр аралығында Грекия астанасы Афинада қазақ киносының күндері өтті, деп жазады sputnik.kz.
Іс-шара аясында министрлік пен "Қазақфильм" киностудиясының қолдауымен түсірілген фильмдер грек көрерменіне ұсынылды.
"Кино күндері сақтардың Тұмар патшайымы туралы тарихи драма "Томирис" фильмінің көрсетілімімен басталды. Бұл туынды фестиваль қонақтары тарапынан қызығушылық тудырды. Сол себепті фильмді Грекияда прокатқа шығару мүмкіндігі туралы келіссөз жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ көрерменге "Дос-Мұқасан" ансамбліне арналған кинотуынды мен "Менің атым Қожа" фильмі көрсетілді.
Көрсетілімнен кейін қазақстандық актерлер мен режиссерлер және грек киноиндустриясының өкілдері қатысқан шығармашылық кездесулер мен пікірталастар ұйымдастырылды.
Фестивальге қатысушылардың пікірінше, мұндай мәдени алмасу шаралары – Қазақстан мен Грекия халықтарының арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтудың тиімді жолы.