​Түн жарымынан кейін жылдамдықты асырған жүргізушілерге айыппұл салына ма

0
50

Елді мекендерде жеңіл автокөліктер үшін рұқсат етілген стандартты жылдамдық — 60 км/сағат.


​Түн жарымынан кейін жылдамдықты асырған жүргізушілерге айыппұл салына ма

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

ERNUR.KZ. ІІМ әлеуметтік желіде тараған түнгі уақытта рұқсат етілген жылдамдық 66 км/сағ болады деген хабарлама жалған екенін хабарлады, деп жазады inform.kz.

— «00:00-ден кейін рұқсат етілген жылдамдық 66 км/сағ болатыны» жөнінде таралып жатқан хабарлама фейк. Мұндай өзгерістер енгізілген жоқ, — делінген хабарламада

Елді мекендерде жеңіл автокөліктер үшін рұқсат етілген стандартты жылдамдық — 60 км/сағат. Камералар жылдамдықты 70 км/сағ және одан жоғары болған кезде ғана тіркей бастайды.

— Тексерілмеген хабарламаларға сенбеңіздер, ресми ақпаратқа жүгініңіздер. Жол жүрісі қағидаларын сақтап, мұқият болыңыздар, — делінген ІІМ хабарламасында.