​Түркі Мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтады

0
607

Түркі Мемелекеттері Ұйымы құрамындағы тұрақты қолдауы келесі президенттік мерзімде арта түсетініне өзінің нық сенімін білдірді


​Түркі Мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтады

Түркі Мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысы мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс өткен президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркі Мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев жоғары мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 20 қарашада өткен кезектен тыс өткен президенттік сайлау барысында Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануына орай құттықтау хатын жолдайды және өзінің шын жүректен құттықтауларын, сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқына ізгі тілектерін жеткізеді.

Бас хатшы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қазақстандық мемлекеттілігін құруға және оның кұшеюіне қосқан зор үлесін жоғары бағалап, бұл жеңіс Жаңа Қазақстанды жарқын болашаққа жеткізетін тағы бір қадам болатынын атап өтті.

Сондай-ақ Бас хатшы Омуралиев Қазақстанның Ұйымдағы рөлі мен оның Түркі Мемелекеттері Ұйымы құрамындағы тұрақты қолдауы келесі президенттік мерзімде арта түсетініне өзінің нық сенімін білдірді.