Тұрлыханов ұлының әскери қызметтен босатылғаннан кейінгі жоспары туралы айтты

0
645

Оқиға биыл 11 ақпанына қараған түні Алматыда болған.


Тұрлыханов ұлының әскери қызметтен босатылғаннан кейінгі жоспары туралы айтты

ERNUR.KZ. Белгілі спортшы, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов ұлы әскери қызметтен босатылғаннан кейін немен айналысатыны туралы сұраққа жауап берді, деп жазады tengrinews.kz.

Дәулет Тұрлыхановтың айтуынша, оның ұлы демобилизациядан кейін оқиды. Бұл ретте депутат баласының қашан босатылатынын білмейтінін айтты.

"Оқу керек", - деп жауап берді Тұрлыханов мәжіліс кулуарында журналистің сұрағына.
Сондай-ақ, мәжілісменнің айтуынша, кіші Тұрлыханов сот тағайындаған 1,7 миллион теңге айыппұлды әлі төлемеген.


Еске сала кетейік, оқиға биыл 11 ақпанына қараған түні Алматыда болған. Нұрасыл Болат ерлі-зайыпты Чернов пен Дмитриевичті соққыға жыққан. Кейін Тұрлыхановтың ұлы мерзімді қызметте екені белгілі болды.