"Туысына хабарласып қорқатынын айтқан: Жамбыл облысында 16 жастағы жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады

0
275

Көршілері оның түнде туысына қоңырау шалып, қорқатынын айтып, одан аулаға келуін өтінгенін жеткізді.


Фото:pixabay.com

ERNUR.KZ. Жамбыл облысындағы Байзақ ауданы, Түймекент ауылында тағы бір жасөспірімнің түнде дарға асылып қалғаны туралы ақпарат тарады. Ол қайғылы жағдайдың алдында жақындарына хабарласып қатты қорқып тұрғанын айтып көмек сұраған, деп жазады stan.kz.

HALYQSTAN Telegram арнасының мәліметінше, бұл соңғы жылы болған бірінші жағдай емес.

“Ауылда қандай да бір аномалия болып жатқан сияқты. Бұл жолы Жамбыл колледждерінің бірінің 16 жастағы студенті өз өмірін қиды. Көршілері оның түнде туысына қоңырау шалып, қорқатынын айтып, одан аулаға келуін өтінгенін жеткізді. Содан кейін ол қоңырауларға жауап берме қойған.

Ал туысы жігіттің неден қорқатынын білу үшін барғанында оны үйдің жанындағы ағаштан асылып тұрған күйінде табады. Оқиға орнына келген дәрігерлер жігіттің көз жұмғанын айтты. Жігіт дене шынықтыру пәні мамандығында оқыған толық отбасында тәрбиеленген”, – делінген хабарламада.

Деректерге сүйенсек бұл ауылда қатарынан бірнеше суицид болған. Тіпті сол себептен ауыл жастарымен жұмыс істейтін психологтар тобы келген.