Уфада Тоқаев пен Путин онлайн режимде қатысатын форум өтеді

0
258

27 қарашада Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.


Уфада Тоқаев пен Путин онлайн режимде қатысатын форум өтеді

фото: Sputnik/Александр Мироглов

ERNUR.KZ. Башқұрстан астанасы – Уфа қаласында XX Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы басталады, деп жазады sputnik.kz.
Осы жолғы форумда екі елдің аймақтары арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастығын нығайту, өңіраларық байланыстарды кеңейту және өнеркәсіптік кооперация мәселелері талқыланады.
Форум ұйымдастырушылары таратқан мәліметке сәйкес, шараға Ресей Федерациясына қарасты 24 өңірдің 159 өкілі, ал Қазақстаннан 196 адам келеді. Сондай-ақ, 306 компания мен 200 БАҚ өкілі қатысады деген жоспар бар.
Мерейтойлық форумның қорытындысы бойынша өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастық бағдарламасы рәсімделеді.
Айта кетері, ертең, 27 қарашада Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Сол кезде екі елдің басшысы Уфадағы форумға бейнебайланыс арқылы қосылады.
Былтыр XIX Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының қорытындысы бойынша бес аймақаралық құжатқа және 36 миллиард теңгеден (72,3 миллиона доллардан) асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылды.