Үкіметте жастар саясаты және білім беру саласын дамыту тұжырымдамаларының жобалары қаралды

0
1 011

2029 жылға қарай 2,3 млн жасты жұмыспен қамту жоспарлануда.


Үкіметте жастар саясаты және білім беру саласын дамыту тұжырымдамаларының жобалары қаралды

ERNUR.KZ. Жастар саясаты тұжырымдамасының жобасы 6 бағыт пен 10 нысаналы индикаторды және 72 іс-шараны қамтитды, деп жазады baq.kz.

Негізгі новеллалардың бірі – жастармен жұмыс істеу және олардың проблемаларын шешу бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін Жастарды дамыту индексін енгізу.

2029 жылға қарай 2,3 млн жасты жұмыспен қамту жоспарлануда, оның 1 млн-ы – ауыл тұрғындары.

Сонымен қатар ауылдық жерлерде тұратын 1,5 млн жас қазақстандық цифрлық сауаттылыққа оқытылатын болады.

Білім беруді дамыту тұжырымдамасын іске асыру 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі сапалы білім алуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және мектептегі білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді.

Үш ауысыммен оқытатын және апатты мектептерді, оқушы орындарының тапшылығын жою арқылы жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын құру жөнінде шаралар қабылданатын болады. Мәселені шешу үшін 1,5 млн жаңа оқушы орны ашылмақ.

Мектептер қауіпсіздік жүйелерімен толық жабдықталады. 2026 жылға қарай ауылдарда, шағын қалаларда және аудан орталықтарында 5 мың мектеп жаңғыртылады.