Украинада тұратын қазақстандықтар отанына гуманитарлық көмек жіберді

0
896

Дәрі-дәрмектер еліміздің аймақтарына жеткізіледі.


Украинада тұратын қазақстандықтар отанына гуманитарлық көмек жіберді

ERNUR.KZ. Украинада тұрып, жұмыс істейтін қазақстандықтар отанына гуманитарлық көмек жіберді, деп жазады Stan.kz.

Арнайы борт Нур-Сұлтанға коронавируспен ауырған науқастарды емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді жеткізді.

"Біздің көмегіміз Қазақстандағы коронавирустық эпидемияны жеңуге ықпал етеді деп үміттенеміз. Украинадағы Қазақстан Республикасының елшілігінің қызметкерлеріне компанияның гуманитарлық әрекетін қолдағаны үшін ерекше ризашылығымызды білдіреміз. Қазақстандық дипломаттар дәрі-дәрмектердің сенімді жеткізушісін табуда және көлік-логистикалық мәселелерді шешуде үлкен көмек көрсетті", - деді «Кусто Агро» қайырымдылық қорының директорлар кеңесінің төрағасы Дәулет Нұржанов.

Елордаға левофлоксацин (55000 бума) және меропенем (28,330 бөтелке) жеткізілді. Препараттар коронавирустық инфекцияның асқынуын емдеуге арналған тиімді дәрілер болып табылады.

Дәрі-дәрмектер еліміздің аймақтарына жеткізіледі.