Украинадағы қақтығысқа қатысқан қазақстандық 9 жылға сотталуы мүмкін

0
547

Қазіргі уақытта қылмыстық іске қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Украинадағы қақтығысқа қатысқан қазақстандық 9 жылға сотталуы мүмкін

ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан азаматының Украинадағы қарулы қақтығысқа қатысқаны үшін қылмыстық іс қозғады, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Қазіргі уақытта ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті Қазақстан азаматына қатысты оның Украина аумағындағы әскери қақтығысқа немесе әскери іс-қимылдарға қатысқаны туралы ақпарат түсуіне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 172-бабы «Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу» бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр», - деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметіндегілер.

ҰҚК сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайтынын атап өтті.

«Қазақстан азаматтарының қандай да бір шет мемлекеттердің аумағындағы қарулы қақтығыстарға немесе ұрыс қимылдарына қасақана заңсыз қатысуына байланысты әрекеттері, жалдамалылық белгілері болмаса, ҚР Қылмыстық кодексінің 172-бабы бойынша қарастырылады. Мұндай қылмысты жасағаны үшін бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», - деді ҰҚК.