Қазақстанның Украинадағы елшілігі сапардың негізгі мақсаты балалардың күш жинап, тыныш әрі жайлы ортада уақыт өткізуіне жағдай жасау болғанын атап өтті.
Қазақстанның Украинадағы елшілігі
ERNUR.KZ. Сауықтыру бағдарламасы аясында Украинаның 44 баласы Қазақстанда екі апта демалды, деп жазады ulysmedia.kz.
Бұл туралы Қазақстанның Украинадағы елшілігі мәлімдеді.
Балалар «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалды. Олар Бурабайдың табиғатында тынығып, спорттық жарыстарға, шығармашылық байқаулар мен шеберлік сабақтарына қатысты. Сондай-ақ балалар үшін жорықтар мен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, сол арқылы олар жаңа достар тауып, бір-бірімен танысты.
Астанада болды
Сапар барысында балалар Астанаға да барды. Олар Қазақстан Республикасының Ұлттық музейін, «Бәйтерек» монументін және планетарийді аралады.
Сапарды ұйымдастыруға Украинаның Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі қатысты.
Елшілік Қазақстанның Украинадағы елшісі Т. Барлыбаевқа және «Балдәурен» орталығының бас директоры Е. Иманслямға балаларға көрсеткен қолдауы, қонақжайлығы мен қамқорлығы үшін алғыс білдірді.
Қазақстанның Украинадағы елшілігі сапардың негізгі мақсаты балалардың күш жинап, тыныш әрі жайлы ортада уақыт өткізуіне жағдай жасау болғанын атап өтті.


