Үлкен Алматы каналын ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізіледі

0
85

Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының жалпы ұзындығы 168 шақырым.


Үлкен Алматы каналын ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізіледі

ERNUR.KZ. Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналын үш кезең бойынша реконструкциялау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта ұзындығы 15,6 шақырым болатын учаскені реконструкциялау жобасы әзірленді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Сонымен қатар жалпы ұзындығы 110 шақырым болатын учаскелерді реконструкциялауға қажетті құжаттар әзірленіп жатыр. Бұл Алматы облысындағы негізгі су артериясын толықтай бетонмен қаптап, жаңғыртуға мүмкіндік береді. Жұмыстардың үшінші кезеңінде Үлкен Алматы каналының бас су торабын реконструкциялау көзделген.

Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының жалпы ұзындығы 168 шақырым. Нысан секундына 87 текше метрге дейін су өткізе алады. Каналды реконструкциялау оның су өткізу қуатын жобалық көрсеткіштерге жеткізіп, Алматы облысындағы суармалы жерлерге су беруді жақсартуға мүмкіндік береді.

«Биыл жыл басында Үлкен Алматы каналының жалпы ұзындығы 1,53 шақырым болатын учаскелерін реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Нысанды монолитті темірбетонмен қаптау жұмыстары жүргізілді. Бұл каналдың техникалық жағдайын жақсартуға, су ысырабының көлемін азайтуға және облыстағы 33,3 мың гектар суармалы жерді сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді», деді су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев.