Ұлттық Банк Конституцияның 30 жылдығына арналған коллекциялық монеталарды айналысқа шығарады

0
143

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.


Ұлттық Банк Конституцияның 30 жылдығына арналған коллекциялық монеталарды айналысқа шығарады

фото: nationalbank.kz.

ERNUR.KZ. Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА 30 ЖЫЛ коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.

ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА 30 ЖЫЛ коллекциялық монеталары туралы

Қазақстан Конституциясының 30 жылдығы – еліміздің құқықтық мемлекет құру және демократиялық институттарды нығайту жолындағы тарихи тағдырын айшықтайтын айтулы дата. Ата Заң тәуелсіздіктің іргетасы, бірлік пен азаматтық келісімнің символы саналады.

Монеталарда ел Конституциясын айшықтайтын ашық кітап, ал оның үстінде Қазақстан картасының контуры фонында «30» саны бейнеленген. Қазақстан картасының дәл ортасына күнді бейнелейтін шаңырақ орналасқан. «30» санын бейнелеу ісінде алтын жалату технологиясы қолданылған. Монетаның ерекшелігі де сонда.

Монеталар:

  • алтын жалатылған 925 сынамды күмістен жасалған. Массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», номиналы 1 000 теңгелік, таралымы – 1 000 (бір мың) дана;

Номиналы 1 000 теңгелік монетаның бейнесі

  • нибрасс/нейзильбер қоспаларынан (биколорлы) жасалған. Массасы 6,45 грамм, диаметрі 24,5 мм, дайындау сапасы – «uncirculated», номиналы 100 теңгелік, таралымы – 5 000 000 (бес миллион) дана.

Номиналы 100 теңгелік монетаның бейнесі

Номиналы 1 000 теңгелік күміс монеталардың ҚҰБ интернет-дүкені арқылы қашан сатуға шығарылатыны ҚҰБ ресми сайтында қосымша хабарланады.

Номиналы 100 теңгелік биколорлы монеталар циркуляциялық монеталармен бірге Қазақстан Республикасының аумағында еркін айналымда болады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкіндегі банктік шоттарға есепке алынуға және аударым жасалуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.