2025 жылға дейін ауылдық елді мекендерде 50 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанның құрылысы жоспарланған.
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде жоспарланған 24 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарынан 11 ауылдық нысан пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
2025 жылға дейін ауылдық елді мекендерде 50 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанның құрылысы жоспарланған.
Қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес пациенттерді ФАП-қа қабылдау үшін фельдшер кабинеті, акушерлік кабинет, қарау кабинеті, емшара кабинеті, егу кабинеті, стерилизация, дәріхана пункті, физиотерапия кабинеті, қақырық жинау кабинеті, ақпараттандыру кабинеті, шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар көзделген.
Сондай-ақ, медициналық пункттерде орта медициналық персонал кабинеттері, емшара кабинеті, физиотерапия кабинеті, дезинфекциялау құралдарын дайындауға және сақтауға арналған үй-жай, дәріхана пункті мен анықтамалық вестибюль, шаруашылық және тұрмыстық үй-жайлар көзделген.
Ұлттық жобаны іске асырудың мақсаты – онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтауды, скринингтік зерттеп-қарауларды уақытылы жүргізуді, нысаналы топтарды вакцинациялауды және созылмалы аурулары бар науқастарды емдеп-қарауды қоса алғанда, ауыл халқының денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсарту.