Бұған дейін оның 20 жылға сотталғаны белгілі болған.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 1971 жылы туған ер адамды кәмелетке толмаған қыз баланы зорлағаны үшін 20 жылға соттаған болатын. Желіде сотталушының тергеу изоляторында өз көзін шегемен ойып алғаны туралы ақпарат тарады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
News_pvl жазуынша, енді ер адамның денсаулық жағдайын анықтап, жазасын өтеуден босату немесе босатпау туралы шешім қабылдау үшін оны арнайы медициналық комиссия қарайды.
«1971 жылы туған азамат кәмелетке толмаған адамды зорлау және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасау фактілері бойынша кінәлі деп танылды. Оған 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол орташа қауіпсіздік колониясында жазасын өтейді. Алайда, жазасын өтеу мекемесіне жіберуде мәселе бар. Белгілі болғандай, сотталушы тергеу изоляторында оң көзін шегемен ойып алған. Оның сол көзі де дұрыс көрмейді. Ол өзін соқыр жағдайға түсірді», - деді сот үкімін жариялап.
Сот материалдарына сәйкес, ер адам қызын 2021 жылдың ақпанынан 2023 жылдың мамырына дейін зорлап келген.