Блогердің айтуынша, барлық өнім алдын ала сатып алынған, ал шашылған қоқыс кейін жиналған.
Фото: instagram.com/gagua_001
ERNUR.KZ. Қазақстандық блогер Диана Гагуаның Таиландтағы әрекеті көпшіліктің, соның ішінде шетелдік БАҚ-тың сынына ұшырады, деп жазады stan.kz.
Блогер “7-Eleven” дүкеніне барып, үстіне чипстерді шашып, сүтті коктейль құяды да, дүкен ішінде жүгіріп “Осындай дүкендер желісін Қазақстанда ашуды талап етемін” деп айғайлайды.
Блогердің айтуынша, барлық өнім алдын ала сатып алынған, ал шашылған қоқыс кейін жиналған.
Бірақ көрермендер бұл “креативті” аса құптай қоймады. Бұған желі қолданушылары ғана емес, тай халқы да наразы болды. Бұған қоса, Таиланд БАҚ-тары бұл оқиғаны талқылап жатыр. Тіпті ТМД азаматтарына виза беруді шектеу туралы ұсыныстар да айтыла бастаған.
Айта кетейік, Диана Қазақстанға 2023 жылы көшіп келген. Ол – Астанадағы “999” клубтарының иесі Олег Вишняковтың жұбайы.
Еске салайық, бұған дейін де Айбекова “пранк” үшін халықаралық деңгейде талай дауға іліккен. Қытайда ол көшедегі адамдарды көпшілік алдында ұрлық жасады деп айыптап видео түсірген. Көптеген шағымнан кейін билік оның парақшасын бұғаттап, Гуанчжоу полициясы тексеріс бастады. Кейіннен блогер Қытайда түсірген пранк үшін көпшіліктен кешірім сұраған еді.
Алайда кейін дәл осы әрекетімен Ташкентте көзге түсті. Онда Айбекова бейтаныс ер адамдардың жанына отырып, кенеттен қолы мен санынан ұстайды. Бұл видео өзбекстандық қолданушылар арасында наразылық туғызды.


