Яна Легкодимованы өлтіргендер "Қара бүркіт" колониясына жіберілді

0
116

2024 жылдың қазан айында жоғалып кеткен Яна Легкодимованың мәйіті биыл маусымда Атырау облысынан табылған еді.


Яна Легкодимованы өлтіргендер

Фото: Ашық дереккөз

ERNUR.KZ. Яна Легкодимованы аяусыз өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Қатимов Жетіқарадағы “Қара бүркіт” колониясына жіберілді, деп жазады stan.kz.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, сотталғандар 19 сәуір күні арнайы вагонмен “Қара бүркіт” колониясына ауыстырылған.

“Өмір бойына сотталғандар Қостанай облысындағы "Қара бүркіт" түзеу мекемесіне жеткізілді”, – деп мәлімдеді комитет.

“Қара бүркіт” — Қазақстандағы ең жабық әрі қатаң күзетілетін пенитенциарлық мекемелердің бірі. Мұнда өмір бойына сотталғандардың барлығы жіберіледі, сотталғандардың арасында өлім жазасынан өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылғандар да бар.

Бұған дейін марқұм Янаның анасы Галина Легкодимова Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне ресми сұрау жолдап, сотталғандардың жазасын өтеу орнына қашан жіберілетінін түсіндіруді өтінген. Әйелді үкім шыққанына шамамен бес ай өтсе де, қызының өліміне кінәлілердің әлі де тергеу изоляторында отырғаны қатты алаңдатты.

Сол кезде Атырау облысы бойынша ҚАЖД басшысы Азамат Ізтілеуов сотталғандардың арнайы күзет бөлінгеннен кейін колонияға ауыстырылатынына айтқан. Алайда нақты жіберу уақыты көрсетілмеді.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың қазан айында жоғалып кеткен Яна Легкодимованың мәйіті биыл маусымда Атырау облысынан табылған еді. 2024 жылдың 18 қазанында бойжеткен танысының қоңырауынан кейін үйінен шыққан. Бірақ сол күйі үйіне оралмаған. Ол өмірінің соңғы сәттерінде танысының көлігінде болған. Қылмыстық істі қозғауға Янаның күнделігі себеп болған. Марқұм күнделігінде "Р" деген біреуді атап өткен.

17 қарашада сот Янаны өлтірді деп айыпталған 24 жастағы Ризуан Хайржанов пен 25 жастағы Алтынбек Катимовты аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін өмір бойы бас бостандығынан айырды.