Ереже бұзған тұрғындардан 48 қару алынды

0
1 641

Азаматтық қарудың 543 иесі тексерілді. Тексеріс нәтижесі бойынша қаруды сақтау және қайта тіркеу мерзімін бұзған 34 адам анықталды және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Ереже бұзған тұрғындардан 48 қару алынды

Ағымдағы жылдың 27-30 наурызы аралығында Астана қаласының аумағында «Қару-2018» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Астана қаласының ІІД баспасөз қызметі.

Іс-шараны өткізу барысында заңсыз сақталған қару-жарақты, оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсыру бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ерекше көңіл бөлінді. Соның нәтижесінде 47 тіркелген қару ерікті түрде тапсырылды,

Астана қаласы ІІД полиция қызметкерлері азаматтық және қызметтік қаруды сақтаумен, алып жүрумен және қайта тіркеумен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше көңіл бөлуде.

Азаматтық қарудың 543 иесі тексерілді. Тексеріс нәтижесі бойынша қаруды сақтау және қайта тіркеу мерзімін бұзған 34 адам анықталды және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қаруды сақтау, алып жүру, сатып алу ережесін бұзғаны үшін 48 тіркелген қару алынды.