Заңсыз алынған активтерді өз еркімен қайтарғандардың аты-жөні жарияланбайды

0
714

Мемлекетке қандай мүліктің өз еркімен қайтарылғаны туралы жалпы ақпарат беріледі.


Заңсыз алынған активтерді өз еркімен қайтарғандардың аты-жөні жарияланбайды

ERNUR.KZ. Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Amanat партиясының алаңында өткен баспасөз мәслихатында заңсыз алынған активтерді өз еркімен қайтарғандардың аты-жөні жария етілмейтінін айтты, деп жазады zakon.kz.

Журналистер "Заңсыз тәркіленген активтерді өз еркімен қайтарғандардың аты-жөні оларға қатысты қылмыстық іс, сот процесі болмағандықтан белгілі болмай ма?" деп сұрады.

"Бұл жағдайда мемлекетке қандай мүліктің өз еркімен қайтарылғаны туралы жалпы ақпарат беріледі (бірақ иелері емес. – Ред.)."Алма Мұқанова

13 қазанда өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сотқа дейінгі тергеу қызметінің басшысы генерал Қанат Сүлейменов 2022 жылдан бері "Антикор" заңсыз жолмен алынған 856 миллиард теңгенің мүлкін қайтаруға қол жеткізгенін айтты.