Жайлы мектеп құрылысына отандық өнімді қолданбағандарға айыппұл салынады

0
816


Жайлы мектеп құрылысына отандық өнімді қолданбағандарға айыппұл салынады

ERNUR.KZ. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ төрағасының бірінші орынбасары Ғабит Малғаждаров ұлттық жоба аясында салынатын жайлы мектептердің типтік мектептерден айырмашылығын атады, деп жазады kaz.inform.kz.



«Жайлы мектептердің типтік мектептерге қарағанда бірінші айырмашылығы – құрал-жабдықпен қамтылуы. Яғни қазіргі типтік мектептердің қажетті жабдықтармен қамтылуы 6%, ал жайлы мектептерде ол көрсеткіш 15-20%-ға артады. Ол дегеніміз компьютерлер, ұйымдастыру техникалары, интерактивті тақталар, робототехника кабинеті және тағы басқа. Келесі айырмашылығы, қазіргі типтік мектептерде бір ғана спортзал бар, ал жайлы мектептерде оның саны 2-ден 4 спортзалға дейін көбейеді», - деді Ғабит Малғаждаров «Самұрық-Қазына» АҚ-ның қоғамдық кеңесі барысында.

Сондай-ақ, спикердің мәлімдеуінше жайлы мектептерде ерекше яғни инклюзивті білім алатын балаларға жағдай жасалады.

«Жайлы мектептердің құрылысы отандық өнімдерден болуы туралы міндет жүктелді. Қазір қазақстандық өндірушілердің үлесі – 71%. Сонымен қатар мектеп жиһазы да толықтай қазақстандық өнім болуы тиіс. Бұл талап Үкіметтің қаулысымен бекітілген. Ол үшін мердігер компания отандық өндірушілермен шарт жасасу керек және оны біз «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп тексереміз. Талап орындалмаған жағдайда мердігер компанияға қаржы бөлінбейді және айыппұл салынады», - дейді ол.