Жақын арада Қазақстанда 239 жаңа мамандық пайда болуы мүмкін

0
911

Осыған байланысты еңбек министрі болашақ кардларды бүгіннен бастап дайындай беру қажет деп санайды.


Жақын арада Қазақстанда 239 жаңа мамандық пайда болуы мүмкін

ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде кадр даярлау туралы айттын, деп жазады sputnik.kz.

Министрдің айтуынша, цифрлық технологиялардың дамуына байланысты келешекте көптеген мамандық өзгеріске ұшырайды және жаңа дағдыларға қажеттілік туындайды. Мәселен, жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласына сәйкес, жақын арада Қазақстанда 239 жаңа мамандық пайда болуы мүмкін. Осыған байланысты бүгінгі күннен бастап болашақ кардларды алдын ала дайындай беру қажет.
"Білім беру жүйесінің еңбек нарығы сұранысымен өзара байланысын қамтамасыз ету үшін Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жұмысын жалғастырамыз. "Кәсіптік біліктілік туралы" заң қабылданды және тиісті цифрлық платформа іске қосылды. Бүгінде 623 кәсіптік стандарт қабылданды, олар 3 мыңға жуық кәсіпке қатысты жұмыс берушілердің талаптарын айқындайды. 2025 жылға дейін тағы 400 кәсіптік стандарт әзірленеді", – деді Жақыпова үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, Электронды еңбек биржасында маркетинг, сату, әкімшілендіру, ақпараттық технологиялар, көлік пен құрылыс салаларында кадрларға сұраныс жоғары.
"2030 жылға дейінгі перспективада экономиканың кадрлық қажеттілігі 1,8 млн қызметкерді құрайды. Оның 53%-і немесе 976 мыңы техникалық кәсіптік білімі бар мамандарға тиесілі", - деп атап өтті Жақыпова.
Бүгінде елде жұмыспен қамтылған халықтың жартысына жуығында (9,1 млн адамның 4,4 млн-ы) кәсіптік-техникалық білімі бар.