Жамаубаев Қазақстаннан заңсыз шығарылған қаржыны қайтару туралы айтты

0
683

Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов Мемлекет басшысына Қазақстаннан заңсыз қаржы шығаруға қарсы жұмыс туралы баяндаған болатын. Оның айтуынша, бүгінде 7 қылмыстық іс тергеліп, 28 миллион долларға бұғат қойылған.


Жамаубаев Қазақстаннан заңсыз шығарылған қаржыны қайтару туралы айтты

ERNUR.KZ. Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстаннан заңсыз шығарылған қаржыны қайтару бойынша қозғалған қылмыстық істер туралы айтты, деп жазады tengrinews.kz.

"Қаржы министрлігі Ұлттық банкпен бірлесе отырып, барлық ақпаратты талдап жатыр. Қаржы мониторингі агенттігіне 8-ге жуық істі тапсырдық, олар соталды тергеу жүргізіп, қажет болған жағдайда қылмыстық іс қозғаған болуы керек", - деді Жамаубаев.

Ол Бас прокуратурада 20-дан астам қылмыстық істі тергеп жатқанын айтты.

"Шығын көлемі шамамен миллиард долларға бағаланады, бірақ олар (ҚМА - еск.) толығырақ ақпаратты өздері де бере алады", - деп түйіндеді ол.

Бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов Мемлекет басшысына Қазақстаннан заңсыз қаржы шығаруға қарсы жұмыс туралы баяндаған болатын. Оның айтуынша, бүгінде 7 қылмыстық іс тергеліп, 28 миллион долларға бұғат қойылған.