Прокурорлардың айтуынша, аудандық мәслихат туберкулезбен ауырғандардың емделу мерзімінде ақшаларын қысқартып, 10 мың теңгеден көмек көрсету туралы заңсыз шешім шығарған.
ERNUR.KZ. Жамбыл облысы Шу ауданында туберкулезге шалдыққан науқастарға заңды әлеуметтік төлемдер толық берілмей келген, деп жазады 24.kz.
Жергілікті билік бір жылдан астам уақыт бойы 75 адамның жәрдемақысын заңнамаға сәйкес төлемеген. Прокурорлардың айтуынша, аудандық мәслихат туберкулезбен ауырғандардың емделу мерзімінде ақшаларын қысқартып, 10 мың теңгеден көмек көрсету туралы заңсыз шешім шығарған. Енді бұл теріс әрекеттер қайта қаралып, науқастардың жәрдемақысы екі есеге дейін ұлғайтылды. Қайсар Бекмұратов, облыс прокурорының аға көмекшісі: - Прокуратураның ұсынуының негізінде мәслихат шешіміне өзгерістер енгізіліп, аталған әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 2 есе, яғни 10 мыңнан 21 мың теңгеге дейін жоғарылатылды. Ал әлеуметтік көмек алу мерзімі 12 айға дейін ұзартылды.