Жамбыл облысында ер адам балдызын бірнеше жыл зорлаған: сот үкімі шықты

0
100

Кәмелет жасына толмаған қызды ер адам бірнеше рет зорлаған.


Жамбыл облысында ер адам балдызын бірнеше жыл зорлаған: сот үкімі шықты

фото: Sputnik / Тимур Батыршин

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында балдызын зорлаған ер адам 17 жылға сотталды, деп жазады sputnik.kz.
Істі Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Сотталушыға "Кәмелетке толмаған адамға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеті" бабы бойынша айып тағылды.
Соттың мәліметінше, алғаш рет зорлағанда 14 жаста болған қызға ер адам бірнеше рет қорлық көрсеткен.
"2023 жылдың маусым айында, 2024 жылдың наурыз және желтоқсан айларында, 2025 жылдың қаңтар айында сотталушы 2009 жылы туған жәбірленушіге жездесі бола тұра, күш қолданып, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. 2024 жылдың күзінде және 2025 жылдың қаңтар айында да қызды зорлаған", - дейді ведомстводағылар.
Прокурор сотталушыға 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Алайда ол кінәсін толық мойындамады.
"Сотталушы кінәлі деп танылып, соттың үкімімен кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, түпкілікті 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - дейді соттағылар.
Сондай-ақ 5 млн теңге моральдық зиян және 1,6 млн теңге мүліктік залал өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.