Жамбыл облысында полицейлер жүкті әйелді екi баласымен өрттен құтқарды

0
600

Өрт Интернациональный кентінде болған.


Жамбыл облысында полицейлер жүкті әйелді екi баласымен өрттен құтқарды

ERNUR.KZ. Бүгін, 14 ақпанда Меркі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Интернациональный кентіндегі үйлердің бірінен қалың түтінді көріп, өртенген үйдің ішінен 3 адамды алып шықты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

АПБ автоинспекторлары полиция капитаны Данияр Тінәлиев пен полиция аға лейтенанты Нұрдәулет Нұрғали түтін шыққан жерге жақындаған сәтте жеке үйдің іші отқа оранып жатқанын байқаған. Тәртіп сақшылары өтіп бара жатқан адамдарға өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем бригадасын шақыруды айтып, өздері үйге қарай жүгірген.

«Әрiптесiм екеумiз үйге қарай жүгіргенде, әйелдің дауысы мен баланың жылағанын естідік. Ойланып тұратын уақыт жоқ едi. Біз терезені сындырып, iшке кірдік. Мен қалың түтінді аралай бастадым. Ештеңе көрінбеді, балалардың даусы арқылы олардың тұрған жерлерiн анықтай алдым. Дер кезінде құтқара алғанымызға қуандық», - деді полиция капитаны Данияр Тінәлиев.

Осылайша, санаулы минуттың ішінде полицейлер өртеніп жатқан үйден екі кішкентай бала мен олардың жүкті анасын алып шыққан. Сондай-ақ, жедел жәрдем келгенге дейін денсаулықтарын бақылап, алғашқы көмекті көрсеткен.

Көп ұзамай оқиға орнына өрт сөндірушілері келіп, тілсіз жауды сөндірдi.