Жамбыл облысында жаңа су қоймасы салынады

0
114

Биыл өңірде ұзындығы 67 шақырым болатын 7 каналдың учаскелерін жөндеу жоспарланып отыр.


Жамбыл облысында жаңа су қоймасы салынады

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

ERNUR.KZ. Су ресурстары және ирригация министрлігі Ислам Даму Банкімен ынтымақтастық аясында Жамбыл облысында жаңа су қоймасын салуды жоспарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz.

Сондай-ақ 76 канал мен жұмыс істеп тұрған 1 су қоймасы жөнделеді.

Атап айтқанда, Байзақ ауданында - 18 канал, Талас ауданында – 1 канал, Сарысу ауданында – 11 канал, Меркі ауданында – 1 канал, Шу ауданында – 45 канал қалпына келтіріледі. Ал, Қордай ауданындағы Қарақоңыз су қоймасына реконструкция жасалады. Байзақ ауданында жаңадан Ақмола су қоймасы салынады.

Су қоймаларын реконструкциялау және салу 9300 гектар жерге су беру сапасын жақсартады. Ал, 76 каналды жөндеу облыстағы 24,7 мың гектар егіс алқабын сумен жабдықтауды жақсартады.

"Сонымен қатар биыл өңірде ұзындығы 67 шақырым болатын 7 каналдың учаскелерін жөндеу жоспарланып отыр. Былтыр 69 шақырым канал жөндеуден өтті. Бұл 13 мың гектар егіс алқабын суармалы сумен қамту сапасын жақсартады", - деді деді Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаментінің директоры Құдайберген Қорғанбаев.